Макгрегор MMA тарихындағы ең үздік файтерді атады

24 Мамыр 2020, 18:33
2150
Бөлісу:
Макгрегор MMA тарихындағы ең үздік файтерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конор МакГрегор MMA тарихындағы ең үздік файтерлерді атады, деп жазады Prosports.kz.

Ирландиялық спортшы орта салмақтағы UFC чемпионы Андерсон Силваны тарихтағы ең үздік файтер деп санайды. 

Андерсон Силва - тарихтағы ең үздік файтер. Ал мен - екіншімін. Бірақ мен әлі белсенді жұмыс жасап жатырмын, мансабымның соңына дейін бірінші орынға шығамын. Бұл мен үшін еш қиын емес. Джордж Сен-Пьер үшінші орында тұр деп есептеймін. Бірақ ол бізден көп артта қалды. Джонс - төртінші үздік спортшы, үшінші болуы да мүмкін. Маған Джон ұнайды. Ол да белсенді әрекет етуде. Алда биік белеске көтеріле алады, - деп жазды Конор твиттер желісіндегі жеке парақшасында.

Айта кетейік, МакГрегор UFC 246 турнирінде бірінші раундта Дональд Серронды нокаутпен жеңген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы