Махамбетов көпвекторлы саясатты ұстануымыздың себебін айтты

20 Қараша 2022, 23:12
868
Бөлісу:
Махамбетов көпвекторлы саясатты ұстануымыздың себебін айтты

Бұл пікірді Парламентаризм институтының директоры Мансұрхан Махамбетов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, көпвекторлы саясат - айтуға оңай, жүргізуге қиын дүние.

Саясат – күрделі мәселе. Қазақстанның географиялық орналасу жағдайының өзі осы бір көпвекторлы саясатты жүргізуге жүктейді. Себебі біз алпауыт мемлекеттердің ортасына орналасқанбыз. Біз әуел бастан-ақ көпвекторлы саясатты жүргізіп келеміз. Оның жеңісі де, қиындығы да бар екені анық. Осы бағытымызға қатысты көрші елден айтылған пікірлер бәрімізге мәлім. Бұл саясатты қолдамай отырғандарда бар. Десек те, көпвекторлы саясат біз үшін қажет дүние, - деді  Мансұрхан Махамбетов Qazaqstan ұлттық арнасында өтіп жатқан онлайн марафонда. 

Өзгелердің жаңалығы