Магнитогорсктегі апаттан қаза тапқандар саны 16-ға жетті

2 Қаңтар 2019, 17:11
2830
Бөлісу:
Магнитогорсктегі апаттан қаза тапқандар саны 16-ға жетті

Астана, baq.kz. Құтқару қызметінің мамандары Магнитогорсктегі жарылыстан қираған тұрғын үйдегі іздестіру шарасы кезінде тағы екі кісінің денесін алып шықты.

Соңғы дерекке сүйенетін болсақ, қайтыс болғандар саны 16-ға жетті. Тағы отыз шақты тұрғынның тағдыры әлі белгісіз.

Төтенше жағдайлар министрлігі «100-ден астам құтқарушы тартылғанымен қирандыларды аршу жұмысы бірнеше күнге жалғасады» дейді.

Апатты жағдайдағы үйдің қалған қабырғалары құлап кетпес үшін ауыр техникалар қолданылып жатқан жоқ.
Естеріңізге салсақ, Магнитогорскте желтоқсанның 31-де таңғы сағат 4-тің шамасында 9 қабатты үйде тұрмыстық газ жарылды. Салдарынан 26 пәтерлік тұтас бір подъезд қирады. Сол пәтерлерде 46 адам тұрған екен. Тиісті мекеме алты адамды құтқарғаны туралы ақпар таратты. Оның екеуі бала. Осы оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жарылысқа себеп болған тұрмыстық газды пайдаланудағы олқылық болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы