Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

21 Шілде 2022, 17:23
1321
Бөлісу:
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кешеден бері магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу жүріп жатыр.

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Бірінші күні тестілеуді 4 612 адам тапсырды.

Кешенді тестілеудің сертификатын жеке кабинеттің «Менің іс-әрекетім» бөлімінен жүктеп алуға болады.

Апелляцияға келіп түскен өтініштер 5 күн ішінде қарастырылады.

Апелляцияға қатысты сұрақтар бойынша 8 (7172) 69-52-66 нөміріне хабарласу керек. Нәтижесі тест тапсырушының жеке кабинетінде көрсетіледі, –  делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы