Магистранттар мен PhD докторанттарды даярлауға арналған гранттардың құны ұлғаяды

17 Ақпан 2023, 20:38
1517
Бөлісу:
Магистранттар мен PhD докторанттарды даярлауға арналған гранттардың құны ұлғаяды
Фото: Фото atpress.kz

Ғылыми кадрларды (PhD докторларын) даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы 5 мың грантқа ұлғаяды. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Қазақстанда жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасында жазылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Магистранттар мен PhD докторанттарды даярлауға арналған гранттардың құны ұлғайтылатын болады. 5 мың грантқа ғылыми кадрларды (PhD докторларын) даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы ұлғаяды. Бұдан басқа, 2023 жылдан бастап резидентурада даярлауға арналған гранттар санын кезең-кезеңімен 70%-ға ұлғайту жоспарланып отыр. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен Ғылыми-зерттеу институты интеграциясы шеңберінде Ғылыми-зерттеу институты базасында магистрлер мен PhD докторларын даярлау жалғасады, - делінген тұжырымдама жобасында.

Өзгелердің жаңалығы