АҚШ түрмесінде отырған Венесуэла президенті Николас Мадуро 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ел тұрғындарына ерекше үндеу жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Саясаткердің ұлы Николас Мадуро Герра әкесінің жолдауын әлеуметтік желіде жариялады. Онда Мадуро отандастарын «тауды да қозғалта алатын сенімнен» айырылмауға шақырып, елдің барлық қиындықты еңсеретініне сенім білдірген.
«Иса бізге былай үйреткен: егер сендерде сенім болып, күмәнданбасаңдар, мына тауға “көтеріліп, теңізге құла” десеңдер де, солай болады. Бізге кейде жолымызды бөгейтін қиындық тауларын қозғалтып, оларды еліміз үшін еркін жолға айналдыратын шынайы әрі ортақ сенім бер», – деп әкесінің сөзін келтірді Мадуро Герра.
Мадуро-әкесі хат соңында өзіне тән қолтаңбасын да қалдырған. Түрмеден жолданған бұл үндеу Мадуроның АҚШ-та ұсталғаннан кейін халқына жасаған алғашқы үндеулерінің бірі болды.
Саясаткердің ұлы Николас Мадуро Герра әкесінің жолдауын әлеуметтік желіде жариялады. Онда Мадуро отандастарын «тауды да қозғалта алатын сенімнен» айырылмауға шақырып, елдің барлық қиындықты еңсеретініне сенім білдірген.
Иса бізге былай үйреткен: егер сендерде сенім болып, күмәнданбасаңдар, мына тауға “көтеріліп, теңізге құла” десеңдер де, солай болады. Бізге кейде жолымызды бөгейтін қиындық тауларын қозғалтып, оларды еліміз үшін еркін жолға айналдыратын шынайы әрі ортақ сенім бер, – деп әкесінің сөзін келтірді Мадуро Герра.
Мадуро-әкесі хат соңында өзіне тән қолтаңбасын да қалдырған. Түрмеден жолданған бұл үндеу Мадуроның АҚШ-та ұсталғаннан кейін халқына жасаған алғашқы үндеулерінің бірі саналады.
Еске салайық, 3 қаңтар күні АҚШ Боливар Венесуэла Республикасының басшысы Николас Мадуроны ұстау бойынша арнайы операция жүргізген. Елден оның жұбайы Силия Флорес те шығарылған.
5 қаңтарда олар Нью-Йорктегі федералдық сот алдына есірткі саудасына қатысы бар деген айыппен жеткізілді. Мадуро мен оның жұбайы тағылған айыпты мойындаған жоқ.
Қазір Венесуэланы президенттің уәкілетті өкілі Делси Родригес басқарып отыр. Бұған дейін ол республикада вице-президент қызметін атқарған.