Мәдиев Цифрлық даму бірінші вице-министрі қызметінен босатылды

23 Қыркүйек 2022, 11:21
855
Бөлісу:
Мәдиев Цифрлық даму бірінші вице-министрі қызметінен босатылды

Үкіметтің қаулысымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаслан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын бітірген. 

Еңбек жолын 2004 жылы «Альянс Банк» АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы болып бастаған.

2007-2018 жылдары «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Kazyna Capital Management» АҚ, «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компанияларының құрылымдарында жұмыс істеді.

2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі.

2020-2022 жж. – Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.

2022 жылғы қаңтардан бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып қызмет етті.

Өзгелердің жаңалығы