Мәди Ахметов «Серпін» жайлы: Бәрі бір-біріне жауапкершілікті итерумен әлек

24 Желтоқсан 2021, 19:21
1320
Бөлісу:
Мәди Ахметов «Серпін» жайлы: Бәрі бір-біріне жауапкершілікті итерумен әлек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл «Серпін» бағдарламасына бөлінген 5 мыңнан астам гранттың 3,5 мыңы игерілмей қалған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов Facebook-тегі парақшасында жазды.

Қыркүйектің басында жас депутат Үкіметке елімізде жүзеге асып жатқан «Серпін» бағдарламасының тиімділігін арттырып, кешенді жоспар қабылдау жөнінде сауал жолдаған. Оның айтуынша, биыл жобаның жұмысы жүрмей, мемлекеттен бөлінген гранттың жартысынан көбі игерілмей қалған.

Араға ай салып сауалға жауапты да алдық, арнайы жұмыс тобы құрылып, талқылаулар жүріп жатыр. Бірақ нәтиже шамалы.  Биылдың өзінде серпіндіктерге бөлінген 5 мыңнан астам гранттың 3,5 мыңы игерілмей қалған. 

Кеше осы мәселенің барлығын бағдарламаға жауапты Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Асылханұлымен талқыладық. Әрине, жобаның толыққанды жүзеге асуы бір ғана министрлікке байланысты емес, бұл университет, жергілікті әкімшілік бірлесе атқаратын ортақ жұмыс. Әзірге бәрі бір-біріне жауапкершілікті итерумен әлек, - дейді депутат.

Сондай-ақ Мәди Ахметов келер жылы бағдарлама жүзеге асып жатқан 9 аймақтағы әкімдердің орынбасарларын, 25 университет басшысын, орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің басын қосып, нақты нәтиже беретін шешімдер қабылдау жөнінде уағдаласқаны туралы айтты.

 

Өзгелердің жаңалығы