Мәдениетті қарым-қатынас этикасы кез келген сұхбат барысында сақталуы тиіс - Балаева

30 Желтоқсан 2021, 09:06
2262
Бөлісу:
Мәдениетті қарым-қатынас этикасы кез келген сұхбат барысында сақталуы тиіс - Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Парламент ғимаратында журналист Айнұр Коскина мен экс-депутат Бекболат Тілеухан арасында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Парламент ғимаратында журналист А.Коскина мен сұхбат беруші Б. Тілеухан арасында болған оқиға журналистика кәсібінің ерекше қарым-қатынас дағдыларын қажет ететін ерекше мамандық екендігін кезекті рет дәлелдеді. Әрине, сұхбат берушінің журналистке қатысты эмоциялық әрекетін ақтау қиын (әсіресе журналистің әйел баласы екенін ескерсек). Мәдениетті қарым-қатынас этикасы кез келген сұхбат барысында сақталуы тиіс, - деп жазды министр.

Министр қалай болғанда да Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистердің заңды мүддесін, кәсіби құқығын заң аясында қорғауда қашанда дайын екендігін айтты.

Десе де, мәселенің екінші жағы да бар: ол – журналистің кәсіби білігі мен ішкі мәдениеті. Спикердің жеке өмірі құпиялығы мен құқығын сақтау, тақырып ауқымындағы сұрақтардан тыс ауытқымау, диалог логикасын нақты ұстану – бұл ешкім жоққа шығармайтын жалпыға ортақ өркениет ережелері. Қалай болғанда да Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистердің заңды мүддесін, кәсіби құқығын заң аясында қорғауда қашанда дайын, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы