Мәдениет және ақпарат вице-министрлері тағайындалды

7 Қараша 2023, 16:00
701
Бөлісу:
Мәдениет және ақпарат вице-министрлері тағайындалды

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Евгений Кочетов мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды.

Ол 1988 жылы Астана қаласында дүниеге келген.

Мәдениет және ақпарат вице-министрлері тағайындалды

Қазақ гуманитарлық заң университетін, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

2009-2013 жылдар аралығында «Жас Отан» ЖҚ және «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратының түрлі құрылымдық бөлімшелерінде кеңесші, сарапшы, консультант болып жұмыс істеді.

Әр жылдары жеке меншік коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2016 жылы «Қазконтент» АҚ Kaztube.kz видеопорталының жетекшісі болып тағайындалды.

2016-2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінің директоры.

2017-2018 жылдары — «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы.

2018-2019 жылдары «Нұр Отан» партиясының Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары қызметін атқарды.

2019-2020 жылдары — «Рухани Жаңғыру» КЕАҚ қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының кеңесшісі.

2020-2023 жылдары — «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының бас директоры.

2023 жылдан бастап тағайындалғанға дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

Қанат Ысқақов мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды.

Ол 1982 жылы Шымкент қаласында туған.

Мәдениет және ақпарат вице-министрлері тағайындалды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қ. Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының жетекші маманы ретінде бастаған.

Әр жылдары әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда, соның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінде, ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік хатшысының хатшылығында, ҚР Президенті Әкімшілігі Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында жұмыс істеген.

2012-2021 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.

2021-2023 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы.

2023 жылдың қаңтарынан бастап тағайындалғанға дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

Арман Жүдебаев мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды.

Ол 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Мәдениет және ақпарат вице-министрлері тағайындалды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы «Алматы әуендері» МКҚК-да әртіс-аспапшы қызметінен бастаған.

2007-2009 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi» РМҚК домбыра тобының әртісі.

2009-2013 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ-де оқытушы, аға оқытушы.

2013-2018 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi» РМҚК бас дирижері.

2018-2023 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ ректоры.

2023 жылғы мамыр-шілде аралығы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2023 жылдың шілдесінен бастап тағайындалғанға дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

Данияр Қадыров мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды.

Ол 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Мәдениет және ақпарат вице-министрлері тағайындалды

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің жетекші маманы болып бастаған.

2000-2004 жылдары ҚР Мәдениет министрлігінің құрылымында түрлі қызметтерде жұмыс істеген.

2004-2005 жылдары — ҚР БҒМ Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары; Жастар және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

2005-2007 жылдары — Степногорск қаласы әкімінің орынбасары.

2007 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі болды.

2007-2013 жылдары — ҚР Моңғолиядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2013-2015 жылдары — ҚР Түрікменстандағы елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2015-2019 жылдары — «ҚР телерадио хабарларын тарату операторларының қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры.

2019-2022 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2022 жылдан бастап тағайындалғанға дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы