Мәдениет министрлігінің лауазымды тұлғалары жемқорлық фактісі бойынша тергеліп жатыр – Антикор

1 Шілде 2022, 18:30
1130
Бөлісу:
Мәдениет министрлігінің лауазымды тұлғалары жемқорлық фактісі бойынша тергеліп жатыр – Антикор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Антикор мемлекеттік кәсіпорын ғимаратын төмендетілген бағамен иеліктен шығару фактісін тергеп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты Алматы қаласындағы «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК-ның ведомстволық бағынысты ғимаратын мемлекет мүддесіне ауыр зардаптарға әкеп соққан үлестес заңды тұлғаның пайдасына төмендетілген бағамен иеліктен шығару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы