Маңғыстау облысында екі туристік орталық ашылады

28 Тамыз 2020, 10:12
2046
Бөлісу:
Маңғыстау облысында екі туристік орталық ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Kazakh Tourism-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау облысында туризмді дамыту бойынша екі күндік көшпелі кеңес өтті.

Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев, Kazakh Tourism басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев және өңір әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов облыстың танымал туристік нысандарының жағдайымен танысты.

Кездесу барысында туристік инфрақұрылым мәселелеріне және инвесторлар үшін мүмкіндіктер жасауға ерекше назар аударылды.

Айта кетсек, 2019 жылы туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекіткелі, Үкімет өңірдің туристік саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін туристік дестинацияны инженерлік-коммуникациялық және көлік инфрақұрылымы объектілерімен қамтамасыз етуге баса назар аударуда. 

Министрлік пен облыс әкімдігі арасында бірлескен Жол картасына қол қойылып, оған сәйкес 8 нысан мен 12 бірлік санитарлық-гигиеналық тораптың құрылысы басталып, жүргізілуде, кезең-кезеңімен тағы 10 инфрақұрылым нысанының құрылысы жоспарланған.

Маңғыстау облысындағы туризмнің барлық әлеуетін ашу туристік ағын мен табысты арттыру үшін өте маңызды. Жағажай туризмі - бұл дамудың жалпы тұжырымдамасындағы табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштер туристерге арналған ұсыныстардың санын көбейтуде және сапасын жақсартуда шешуші рөл атқаруы керек. Өңірдің дамып келе жатқан жол желісі қазірдің өзінде көптеген туристік қызығушылық тудыратын орындарға жайлы сапарларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті вице-министр.
Соңғы жылдары Маңғыстау белсенді саяхат сегментінде туристерді көбірек қабылдауда. Сондай-ақ, қасиетті жерлерге баратын туристер саны көп. Осыған байланысты көрікті жерлерді сақтау мәселелеріне көп көңіл бөлінуі тиіс.

Kazakh Tourism Басқарма төрағасының айтуынша, Бозжыра, Жығылған, Қапамсай, Торыш, Шерқала, Айрақты-Шоманай - бірегей табиғи нысандар және бұл жерлердегі демалыс «ұйымдастырылмаған» болып қала алмайды. 

Осы объектілердің айналасында дұрыс туристік инфрақұрылымды дамытуды және халықаралық деңгейдегі туристік өнімдерді құруды бастау қажет. Үлкен қашықтықты ескере отырып, ең алдымен танымал объектілер ауданындағы визит-орталықтар желісін дамыту, сондай-ақ туристердің демалуы үшін орындар ұйымдастыру қажет. Бұл глемпинг, кемпинг, шатырлы қалашықтарға арналған орындар, қонақ үйлер болуы мүмкін. Аталған объектілердің базасында бақылау алаңдары, джип/багги/мото турлар, балық аулауды ұйымдастыру, түйе фермаларына, этно-ауылдарға бару және басқа да жаяу маршруттар одан әрі дами алады. Әйтпесе туристердің теріс әсерлі ағындарының салдары тек зиян келтіреді. Мұндай жағдайда турист бір сапарда бірден бірнеше нысандарды аралап, ілеспе қызметтердің барлық спектрін ала алады, - деді Ержан Еркінбаев.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қатысушыларға өңірдің туризмін дамыту мәселелеріне назар аударғаны үшін алғысын білдірді.

Маңғыстау қызықты тарихи-мәдени нысандардың, ландшафттардың, қажылық орындарының алуан түрлілігімен, салт-дәстүрлерге берік ұстанушылығымен ерекшеленеді. Өңірдің аумақтық орналасуы да бірегей, біз Каспий теңізі арқылы бірден бес шет мемлекетпен шектесеміз, ал бұл көп миллиондық әлеуетті нарық. Сондықтан өңір соңғы жылдары өзінің туристік әлеуетін барынша іске асырғысы келеді. Біз ұсыныстарға ашықпыз, - деді  Ғалымжан Ниязов.

Өзгелердің жаңалығы