Маңғыстау облысында бұзақылар полицейлерді балағаттаған

30 Тамыз 2020, 20:51
2173
Бөлісу:
Маңғыстау облысында бұзақылар полицейлерді балағаттаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 тамызға қараған түні Маңғыстаудағы "102" кезекшісінің пультіне тыныштықты бұзу туралы шақырту түсті. Мекен жайға Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің "Арлан-6" патрульдік қызмет ротасының экипажы жіберілді деп хабарлайды zakon.kz.

Оқиға орнына келген полицейлер тәртіп бұзушыларды тыныштандыруға тырысты, бірақ олар полицейлерге қарсылық көрсетіп, дөрекі сөйлеген деп жазады Lada.kz.

Тәртіп бұзушылар полиция бөліміне жеткізілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 378 - бабының 1-бөлігі (билік өкілін қорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп атап өтті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Өзгелердің жаңалығы