Маңғыстау облысы: Құрықтағы кәріз су желілері жаңартылды

30 Тамыз 2020, 18:47
1556
Бөлісу:
Маңғыстау облысы: Құрықтағы кәріз су желілері жаңартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов жұмыс сапарымен Қарақия ауданында болды. Аймақ басшысы бастаған жұмыс тобы «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысын аралап, жауаптыларға бірқатар міндет жүктеді. 

Алдымен өңір басшысы "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-не барып, жылыту маусымына дайындық жұмыстарымен танысты. 

МАЭК өнеркәсібінде орнатылған электр қуаты - 1330 МВт. Бүгінгі таңда комбинат жылыту маусымына дайын. Өңір басшысы басты мақсат халыққа үздіксіз қызмет көрсету екендігін ескертіп қысқы маусымға дайындықты бүгіннен қадағалауды тапсырды. 

Бұдан кейін облыс әкімі Ақтау-Құрық автожолының 38 шақырымында орналасқан "Ақтау-Құрық-СИОТ-2" сорғы стансасының құрылыс жұмыстарымен танысты. Құрылыспен «Мантеком» мердігер компаниясы айналысады. Нысан «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасы аясында салынуда. Резервуарлар саны-2 дана, әрқайсысының көлемі 1000 м3. Жобаға сәйкес нысан аумағында көлемі 1000 м³-ті құрайтын резервуар, сорғы станциясы мен оператор бөлмесін жаңарту, барлық құбыр бұрандаларын ауыстыру және автокөлік жолын абаттандыру қарастырылған. Облыс әкімі С.Трұмов жұмысты сапалы орындап, тапсыру мерзімін талапқа сай орындауды ескертті. 

Сондай-ақ, аймақ басшысы Қарақия ауданында күрделі жөндеу жүріп жатқан орталық аурухананың құрылысын аралап шықты. Нысан 1978 жылы тұрғызылған. 97 қызметкер жұмыс істейтін 55 орындық емханада 4 бөлім бар. Аймақ басшысы дәрігерлерден медицина саласына қатысты мәселелерді тыңдап, індетпен күресті күшейтіп, күзге дайындықты пысықтау керектігін айтты. 

Сонымен қатар, облыс әкімі бастаған жұмыс тобы Құрық ауылында қолданыстағы және жаңа салынған шағынаудандарына ауылішілік кәріз желілерін салу жұмысымен танысты.
Мердігер компания – «ОРСТЭК» ЖШС. Құрылыс 2018 жылдың қыркүйегінде басталған. Нысанда 45 адам жұмыс істейді, оның 23-і аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы келген. Жоба бойынша ұзындығы 28,48 шақырымды құрайтын тұрмыстық кәріз су құбырын жүргізу қарастырылған. Бүгінде оның 15 шақырым кәріз құбыры жүргізіліп, іске қолысуда. Сонымен қатар, жеке инвестрдың есебінен Құрық ауылына 200 м³ 3 кәріз сорғы станциясын орнатылады. Бүгінде жоба жасақтау жұмыстары басталып кетті. 

Жоба мақсаты - Құрық ауылында көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды магистралды кәріз желісіне қосу. 

Өңір басшысы жауапты мамандарға жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының сапасы мен бекітілген кестеге сәйкес аяқталуына баса назар аударып, бақылауды күшейтуді жүктеді.


Өзгелердің жаңалығы