Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Фейсбуктегі парақшасында су басқан елді мекендер туралы қуанышты жаңалығымен бөлісті.
Қуанышты жаңалығыммен бөлісуге асығамын! Су Мақтаарал ауданындағы барлық елді мекендерден кетті. Әкімдік, су шаруашылығы мамандары, ТЖК, әскери қызметшілер мен Өзбекстан ТЖМ қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында Сардоба суын каналдар мен коллекторлар арнасына барынша қысқа мерзімде қайтарып, бейбіт өмірді қалпына келтіруге кірісті, - деп жазды Сәкен Қалқаманов.