Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таяуда Атырау облысы Мақат кентінде төбелес болып, соңы атысқа ұласты. Салдарынан бір адам ауыр жарақаттан қайтыс болса, екіншісі жарақат алған.
Бейресми ақпарат бойынша жігіттердің арасында өзара келіспеушілік болған. Жанжал кезінде жігіттердің бірі аңшылық шолақ мылтық қолданған. Осының кесірінен оқиға орнында 35 жастағы бір ер адам қаза болып, 29 жастағысы жарақатпен аудандық ауруханаға түскен.Атырау облыстық Полиция департаментінің өкілі Гүлнәзира Мұқтарованың хабарлауынша, бүгінде күдіктілер анықталып, оның біреуі ұсталып, қамауға алынған.
ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.