Мәжіліс Украина арасындағы экстрадициялау шартын ратификациялауды мақұлдады

18 Қыркүйек 2019, 12:58
1742
Бөлісу:
Мәжіліс Украина арасындағы экстрадициялау шартын ратификациялауды мақұлдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжіліс депутаттары жалпы  отырыста «Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы экстрадициялау туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

«Бұл келісім адамдарды қылмыстық қудалау немесе сот үкімін орындау үшін ұстап беру мәселесін реттейді.  Келісімге сәйкес экстрадиция екі елде қылмыс жасау үшін кемінде 1 жыл бас бостандығынан айыру қарастырылған болса немесе сотталған адамның жазасын өтеу мерзімі 6-10 айдан асса, жүзеге асырылады», - дейді бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов.

 Сондай-ақ құжатта ұстап беруден бас тартуға негіз бар екен. Мысалы, егер бір жағынан қылмыс ретінде қарастырылатын әрекет басқа елде жасалмаса немесе ескеру мерзімі өтіп кететін жағдай болса: сұралған акт әскери қылмыс болып табылады, ұстап беру елдің тәуелсіздігіне, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін. Қазақстанның заңнамасына немесе халықаралық міндеттемелеріне қайшы келеді.

«Соңғы үш жыл ішінде Украина бізге алты қылмыскерді ұстап берді.  Қазіргі уақытта Украинада іздеуде жүрген тағы алты адам анықталды. Енді оларды елімізге  әкелу туралы мәселе қарастырылуда», - дейді бас прокурордың орынбасары.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты Светлана Бычкова статистикалық мәліметтер келтірді.

Оның айтуынша, бүгінде 2,6 мыңға жуық азамат іздеуде жүр. Олардың арасында 1,5 мыңнан астамы мемлекетаралық, ал 1,2 мыңнан астамы халықаралық деңгейде іздеуде екен.

«Ұзақ уақыт бойы Украинада алты қылмыскер жасырынып келді.  Неліктен ұзақ уақыт бойы оларға жаза қолданылмады?», - деп сұрады депутат.

 «Украина аумағында 13 адам болды, оның алтауы бізге берілді, біреуінен бас тарттық. Өйткені, бұл әрекет бізде қылмыс емес, 6-сы қазір жұмыс істеуде.  Өтініштер Минск конвенциясына сәйкес жіберілді және оның ерекшелігі - мерзімдердің жоқтығында.  Осы келісімде біз өзіміздің заңнамаға және Украина заңнамасында да мерзім 1 жылдан аспайтындай етіп ұсынамыз.  Яғни, бұл келісім азаматтарымызды тез арада ұстап беруге көмектеседі», - деп уәде етті Ахметжанов.


Өзгелердің жаңалығы