Мұнайдың бағасы 40 доллардан төмен түссе брендтік салық алынбайды - вице-министр

18 Наурыз 2020, 17:01
1380
Бөлісу:
Мұнайдың бағасы 40 доллардан төмен түссе брендтік салық алынбайды - вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мұнай өндіруші компанияларды мұнай бағасының күрт құлдырауынан қорғау мақсатында үкіметтік комиссия қандай жұмыс атқарып жатқанын айтты.

Өздеріңіз білетіндей, мұнай бағасы күрт төмендеді. Бұл мұндай өндіруші елдердің экономикасына әсер етіп жатыр. Президент Үкіметке, Ұлттық банкке және бірқатар мемлекеттік органға тапсырма берді. Оның ішінде ең бастысы - мемлекеттің халықтың алдындағы міндеттемелерін толық көлемде орындау. Осы тапсырмаға сәйкес премьер-министрдің төрағалығымен штаб құрылды. Жақында вице-премьер Ералы Тоғжанов бастаған делегация мұнайлы аймақтарды аралап қайтты. Өңірлердің мұндай өндіруші және мұнай сервистік компаниялары басшыларымен кездесті. Ол жерде көтерілген мәселе кейін үкіметпен пысықталатын болады, - деді Әсет Мағауов.

Оның айтуынша, мұнай бағасының төмендеу салдарын төмендету мақсатында мұнай өндіру компаниялары үшін заңнама мына жағдайларды көздейді. 

Ренталық салықты мұнай бағасына байланыстыру. Ренталық салық мұнай бағасына бекітілген. Мұнайдың бағасы 40 доллардан төмен түссе брендтік салық алынбайды. Екіншіден экспорттық кедендік баж салығын мұнай бағасына байланыстыру. Экспорттық кедендік баж салығы да мұнай бағасына бекітілген. 1 баррель үшін баға 60 АҚШ доллары кезінде ол 1 тоннаға 60 АҚШ долларын құрайды. Ал 1 баррель үшін баға 40 АҚШ доллары болған жағдайда ол 1 тоннаға 40 АҚШ долларын құрайды. 1 баррель үшін баға 35 АҚШ доллары болған жағдайда ол 1 тоннаға 35 АҚШ долларға теңеседі, - деді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы