МӘМСҚ: Қорға қанша қаражат жиналғаны белгілі болды

9 Қазан 2020, 11:33
1285
Бөлісу:
МӘМСҚ: Қорға қанша қаражат жиналғаны белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев онлайн-брифинг барысында Қорға қанша қаражат жиналғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2020 жылдың 1 қазаны аралығында Қорға 423,1 млрд теңгеге жуық қаржы жинақталған.  

Жарна көлемі жағынан Алматы қаласы көш бастап тұр. Жинақталған соманың бестен бір бөлігі бұрынғыша, оңтүстік астананың еншісінде. Жалпы, 2017 жылдың шілдесінен бүгінгі күнге дейінгі аралықта Алматы қаласынан Қорға 81,3 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 68 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 13,3 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек ететіндерге тиесілі. Сондай-ақ 2019 жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 193 мың алматылық 312,6 млн теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлеген, - деді ол. 

Айта кетсек, қазір Қазақстанда медициналық көмек екі пакет бойынша көрсетіледі. Бірі – сақтандыру пакеті, екіншісі – кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті.

Өзгелердің жаңалығы