МӘМС: Елордалықтар 38,4 млрд теңгеден аса жарна аударды

13 Мамыр 2020, 13:20
1258
Бөлісу:
МӘМС: Елордалықтар 38,4 млрд теңгеден аса жарна аударды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Елордалық жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2020 жылдың 30 сәуірі аралығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін аударған жарналарының жалпы сомасы 38,4 млрд теңгеден асады. 
Ал, 2020 жылдың 1-30 сәуірі аралығында медициналық сақтандыру үшін 2,3 млрд теңгеден аса жарна аударған. Олардың жарналары мен аударымдарының қомақты бөлігі – 1,4 млрд теңгеден астамы жұмыс берушілердің аударымдары, ал 8,7 млн теңгеден астамы – жеке кәсіпкерлерден түскен жарналар, - дейді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Айдар Сейітқазинов.

Айдар Сейітқазиновтың айтуынша, 2020 жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша, 106 220 адам бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жасаған. Бірыңғай жиынтық төлем жасау қажет (тіпті төтенше жағдай кезінде де), бұл – әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға құқық береді. 

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 31 наурыздағы тапсырмасы бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылмаған азаматтардың медициналық көмек алу құқығы 1 шілдеге дейін ұзартылған болатын. 

Осы уақытқа дейін азаматтардың барлығы шартты түрде медициналық сақтандырылған болып есептеледі, және осы жүйенің барлық артықшылықтары мен мүмкіндіктерін пайдалана алады, яғни, медициналық қызметтің бәрі қолжетімді болмақ.




Өзгелердің жаңалығы