Елордада міндетті әлеуметтік сақтандыруды дамыту мәселелері талқыланды

1 Қараша 2019, 17:29
2131
Бөлісу:
Елордада міндетті әлеуметтік сақтандыруды дамыту мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның астанасында "Халықты әлеуметтік қорғауды жаңғырту жағдайындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру" атты республикалық семинар өтті. Бұл тура ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Онда қазақстандық сарапшылар мен әлеуметтік қызметкерлер Ресей, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан және Тәжікстандағы әріптестерімен бірлесіп әлеуметтік сақтандыруды дамыту перспективаларын талқылады. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры ұйымдастырған іс-шараға Қазақстан Республикасы президенті Әкімшілігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы парламентінің депутаттары, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік аннуитеттік компания және Астана халықаралық қаржы орталығының өкілдері қатысты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов бұл диалог алаңы әр түрлі елдердің сарапшыларына жаһандану жағдайында және халықтың өсіп келе жатқан үміттері жағдайында әлеуметтік қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді деп атап өтті.

Әлемдік әлеуметтік-экономикалық процестерге белсенді қатыса отырып, Қазақстан әлемдік үрдістерден тыс қала алмайды. Бізге жаһандану, әлемдік дамудың тұрақсыздығы, халықтың қартаюы және әлеуметтік қамсыздандырудағы технологиялық қиындықтар әсер етеді. Мұның барлығы объективті түрде әлеуметтік даму моделін жетілдіруді талап етеді. Семинарды өткізудің басты мақсаты – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы озық тәжірибе мен біліммен алмасу деп санаймын. Семинар сессияларының өзекті тақырыптары бойынша жасаған баяндамаларыңыз барлық қатысушыларға пайдалы болады және олардың біздің елдеріміздің әлеуметтік қамсыздандыру институттарының практикалық қызметінде қолдана алады деп сенемін, - деді ол.
Семинар аясында екі панельдік сессия ұйымдастырылды. Біріншісі әлеуметтік қамсыздандыруды, оның ішінде әлеуметтік сақтандыруды дамытуда инновациялық тәсілдерді енгізуге арналды. 

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ бас директоры Алмас Құрманов өз сөзінде қатысушылардың назарын әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаңғырту жағдайында әлеуметтік сақтандыруды дамытуға аударды. 

2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу ұзақтығы мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері арасындағы байланысты нығайтуды тапсырды. Осыған орай жаңа редакциядағы "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" заң жобасы әзірленді, ол қазір Парламент Мәжілісінде қаралуда. Заң жобасында еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан және жұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде қолданылатын параметрлер қайта қаралды. Бұл төлемдерді орта есеппен 30%-ға арттыруға мүмкіндік береді, - деді Құрманов. 

Өз кезегінде Грузия, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген қонақтар әлеуметтік сақтандыру жүйелерінің өз республикаларында қалай дамып келе жатқандығы туралы айтып берді. 

Екінші панельдік сессияда қатысушылар әлеуметтік саланың қаржылық ағынын шоғырландыру мәселелерін талқылады. 

"ӨСК" мемлекеттік аннуитеттік компаниясы" АҚ-ның басқарма төрағасы Ғалым Әмірқожаев өзінің еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан қызметкерлерді міндетті сақтандыру қажеттілігі туралы айтты. 

"Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры Айдар Қазыбаев «Әлеуметтік облигациялар әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландырудың жаңа формасы ретінде» тақырыбында баяндама жасады. 

Ресей Федерациясының Зейнетақы қорының өкілі Елена Петина қатысушылармен "Мүгедектердің федералды тізілімі" және "Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандырудың бірыңғай ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйелерін құру тәжірибесімен бөлісті. 

Семинарды қорытындылай келе, қатысушылар талқылаудың өзектілігін атап өтті және іс-шара ұйымдастырушыларына әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы