Мүліктің бірыңғай кадастры порталы іске қосылады

16 Маусым 2020, 16:39
1571
Бөлісу:
Мүліктің бірыңғай кадастры порталы іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мүліктің бірыңғай кадастры порталы іске қосылады. Бұл туралы құрылыс істері жөніндегі комитеттің сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бойынша қызметкері Абзал Амалханов Қазақстан құрылысшылар одағы ұйымдастырған онлайн конференция барысында айтты. 

Осыдан екі жыл бұрын мұндай норма болмаған. Егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына толассыз өзгертулер енгізіле берді. Нұр-Сұлтан қаласын алатын болсақ, ЕЖЖ-ге 700-ге жуық өзгеріс енгізілді. Ал дұрыс жоспарлау дегеніміз - қаланың дұрыс салынуы. Қаланың сәулеті тірі организм сияқты, ол нормалар мен талаптарға сәйкес дамуы керек. Егер ол сол тәртіптер бойынша дамитын болса, дұрыс экспортталады деген сөз. Тұрғындарға арналған қолайлы орта көп болады, - деді ол. 
Оның айтуынша, нақты жоспарлауға кез келгеннің өзгеріс енгізе беруі жемқорлықты күшейтті. 
Мысалы, бір учаскеден дүкен ашқыңыз келсе, сіз өзіңіздің орныңызды ғана емес, көршілердің орнын да ескеретін боласыз. Себебі, өзара бір-біріне әрекет ету үрдісі басталады. ЕЖЖ-ні жылына төрт рет енгізу мәселесі де талқыланды. Жалпы, көп кәсіпкер жылына екі рет өзгеріс енгізуді қолдады. Демек, бірінші жартыжылдықта барлық түзету қаралып, оның қорытындысы бойынша қажетті өзгерістер енгізіледі, - деді Амалханов. 

Сондай-ақ ол рұқсат беру қағаздары мәселелеріне де тоқталып өтті. 

Бүгінде бизнес ахуалды жақсарту бойынша заң жобасы бар. Кәсіпкерлер жер учаскесін алу үшін әкімдікке бірнеше мәрте жүгінді. Бұл өтінімдер мерзімді ұзартты. Осыны ескере отырып, бүгінгі таңда норма аясында сәулет органдары алдын ала жер учаскелерін дайындап, әрбір кәсіпкерге дайын құжаттар пакеті ретінде табыстайды. Заң жобасын енгізуге 1,5 ай қалды. Қазір қаралып жатыр, - деді ол. 

Абзал Амалханов жыл басынан бері екі базаны біріктіріп, мүліктің бірыңғай кадастры порталын жасақтайтын пилоттық жоба жасақталып жатқанын айтты. 
Порталда бұл үрдістердің барлығын электронды жүзеге асыру мәселесі қаралып отыр. Барлық жер учаскелер көрініп тұрады, аукциондар мен қызмет көрсету электронды түрде жүзеге асырылады. Қазір ол Ақтөбе облысында апробациядан өтіп жатыр. Келесі жылы ол қолданысқа енеді деп күтілуде, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы