Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 28 қаңтарда ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Берлинге сапары жоспарлануда.
Ол Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға арналған жаңа стратегиясын іске асыру аясындағы Германия бастамашылық еткен климатты қорғау жөніндегі "Жасыл Орталық Азия" жобасының тұсаукесеріне арналған конференцияға қатысады.
Іс-шараға Германияның сыртқы істер министрі Хайко Маас, Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Джозеп Боррел, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Ауғанстанның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен зерттеу институттары өкілдерінің қатысуы күтілуде, - деп хабарлады брифинг барысында СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.Олар Қазақстан-Германия ынтымақтастығының өзекті мәселелерін және Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылдың желтоқсан айындағы Германияға жасаған ресми сапарында қол жеткізілген екіжақты келісімдердің орындалуын талқылайтын болады.
Конференция қорытындысы бойынша Орталық Азия аймағындағы экологиялық проблемаларды шешу туралы бірлескен шараларды қарастыратын декларацияға қол қою жоспарлануда, - деді спикер.
Сонымен қатар, Мұхтар Тілеубердінің Берлинге жұмыс сапары аясында неміс бизнесінің басшылығы және аға өкілдерімен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, Уханьда 98 қазақстандық студент өз еркімен қалып қойғандығын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, Қазақстан елшілігі Бейжіңде жедел желі ашты және БҰҰ өкілі Фабрицио Хохшильд Қазақстанға ресми сапармен келеді.