Мәдениет министрлігі журналистерді марапаттады

26 Маусым 2020, 18:51
2147
Бөлісу:
Мәдениет министрлігі журналистерді марапаттады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі "Мемлекеттік тіл және БАҚ-2020" республикалық байқауы жеңімпаздарын марапаттады.

Онлайн-режимінде өткен шараға тікелей қосылуға тілек білдіргендердің саны көп болды. 

Мемлекеттің жан-жақты дамуына, елдің бірлігіне бұқаралық ақпарат құралдарының қосар үлесі зор. Біздің ортақ мақ­сатымыз – бір-бірімізді қолдау, бірге әрекет ету, елдің, экономиканың дамуы, әлеу­меттік саланың гүл­денуі, өмір­дің тыныштығы. Сіздер, журналистер қауымы, алтын көпір болып келесіздер, – делінген ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың құттықтауында.

тил1.jpeg

Әлемге жайылған жағдай үміткерлердің шалқар шабытына тосқауыл бола алмады. 

Биылғы конкурсымызға ешнәрсе көлеңке түсіре алған жоқ, еліміздің түкпір-түкпіріндегі ақпарат кеңістігіндегі "мылтықсыз майданның жауынгерлері" өз бағын сынау үшін шырқау көңілмен, құлшыныспен қатысты. Түскен туындылардың ішінде "осы қалайы" жоқ, қазақ журналистикасындағы тың ізденістердің ізі бар, - деді Орталықтың бас директоры Әлібек Асқар.


тил2.jpeg

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі 56 журналистің 2019 жылғы 11 маусым мен 2020 жылғы 3 маусым аралығында жарияланған 116 материал талқыға түсті.

Аталымдар бойынша жіктесек:

1. «Үздік мақала» бойынша қатысушылар саны – 24, материалдар саны – 49;

2. «Үздік сайт мақаласы» бойынша қатысушылар саны – 12, материалдар саны – 25;

3. «Үздік радиобағдарлама» бойынша қатысушылар саны – 11, материалдар саны – 23;

4. «Үздік телебағдарлама» бойынша қатысушылар саны – 9, материалдар саны – 19.

Бас жүлде – 1 млн теңге;

1 орын (төрт аталым бойынша) әрқайсысына 500 мың теңге;

ІІ орын(төрт аталым бойынша) әрқайсысына 350 мың теңге;

ІІІ орын (төрт аталым бойынша) әрқайсысына 150 мың теңге;


 «Үздік мақала» номинациясы

Сімәділ Қарагөз Серікқызы, «Ана тілі» газеті, ІІІ орын, 150 000 тг.

Бектасова Гүлзина Тұрғанбайқызы, «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті, ІІ орын, 350 000 тг.

Пазылов Орынбек Өтемұратұлы, «Егемен Қазақстан», І орын, 500 000 тг.

 

«Үздік сайт мақаласы» номинациясы

Әбдуәли Аян Бекжанұлы, «Elorda Aqparat», ІІІ орын, 150 000 тг.

Өрібай Аян Бекенұлы, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі, ІІ орын, 350 000 тг.

Ермұхамед Мәулен, «Аладоп.кз» сайты, І орын, 500 000 тг.

 

 «Үздік радиобағдарлама» номинациясы

Мансұр Нұрмат Абдуллаұлы, «Шалқар» радиосы, ІІІ орын, 150 000 тг.

Шамшейітова Айнұр Асылханқызы, «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС, ІІ орын, 350 000 тг.

Гүлнұр Омарханқызы, «Шалқар» радиосы, І орын, 500 000 тг.

«Үздік телебағдарлама» номинациясы        

Қалдыбаева Гүлнұр Ғазизқызы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы, ІІІ орын, 150 000 тг.

Кашкинбаева Жанар Тойшановна, «Акцент» Лисаков телеарнасы» ЖШС, ІІ орын, 350 000 тг.

Құттыбеков Айбек Құттыбекұлы, «Жетісу» телеарнасы, І орын, 500 000 тг.

 

Бас жүлде – Төлебаев Дәуіржан Жұмажанұлы, «Ана тілі», 1 000 000 тг.

 

 

 

 

 

 

Өзгелердің жаңалығы