Мұғалімнің беделі ең алдымен өзіне байланысты – Қазақстан ұстаздары

1 Қазан 2020, 21:16
2273
Бөлісу:
Мұғалімнің беделі ең алдымен өзіне байланысты – Қазақстан ұстаздары
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық педагогтер мұғалімнің беделі ең алдымен оның өзіне байланысты деп есептейді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады. 

Ұстаздардың пайымдауынша, мұғалімнің беделі оның кәсіби тұрғыдағы біліктілік қасиеттерімен және кәсібіне деген адалдығымен өлшенеді. 

Ұстаздың беделі ең алдымен өзіне байланысты, қоғамға және әлеуметтік жағдайға байланысты. 2019 жылы «Мұғалім мәртебесі туралы» заңы өз кұшіне енді. Бұл ұстаздар қауымы мен білім қызмкеткерлері үшін аса маңызды болды, – дейді орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айжан Ерболатова.

Сондай-ақ министрлік Мұғалімдер күніне орай «Мұғалімді құттықта!» акциясын бастады. 

Мұғалімнің қоғамдағы мәртебесі - кез келген мемлекеттің бүгіні мен болашағының айқын көрсеткіші. Ұстаздарымызға білім беру мен тәрбиелеу ісіне қосқан өлшеусіз үлестері және кәсіпке деген адалдықтары үшін шын жүректен алғыс білдіреміз. Мұғалімдер күні қарсаңында ұстаздарыңызға арналған жылы лебіздеріңізді жолдай аласыздар. Ол үшін бейне құттықтауларыңызды Instagram желісінде @edu_news_kz парақшасын белгілеп, #ҰстазымаМыңАлғыс хештегтерін пайдалана отырып жариялау қажет. Ерекше құттықтаулар Білім және ғылым министрлігінің Instagram парақшасында жарияланады, – деп хабарлады министрлік.

Өзгелердің жаңалығы