ШҚО элеваторында бірқатар өнеркәсіптік бұзушылық анықталды

10 Тамыз 2022, 22:13
1374
Бөлісу:
ШҚО элеваторында бірқатар өнеркәсіптік бұзушылық анықталды

Шығыс Қазақстан облысында элеваторда бірқатар өнеркәсіптік бұзушылық анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Элеватор» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді. Тексеру барысында 16 нысан (өсімдік шикізатын сақтау объектілері, лифт және басқалар) тексерілді.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 14 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды, - делінген ақпаратта.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары: өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында заңды тұлғалар басшыларының білімін тексеруді қамтамасыз ету бойынша талаптар сақталмауы (заңды тұлғаның басшылары білім тексеруден өтпеген); металл сынықтары мен құрал-жабдықтарды сақтауға арналған арнайы орындардың болмауы; норилердің басында «ТОҚТА» түймесінің болмауы; конвейер қозғалтқышының жер контурына қосылмауы және тағы басқа бұзушылықтар.

Өзгелердің жаңалығы