Люксембургте еліміздің сауда-инвестициялық әлеуеті таныстырылды

8 Қазан 2024, 04:13
384
Бөлісу:
Люксембургте еліміздің сауда-инвестициялық әлеуеті таныстырылды
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Люксембург Ұлы Герцогтігінің Сауда-өнеркәсіп палатасында Қазақстанның инвестициялық, сауда-экономикалық мүмкіндіктері ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы саяси ведомствоға сілтеме жасап.

Іс-шараға Ұлы Герцогтігінің көлік, химия, медициналық және басқа да салаларынан мемлекеттік және коммерциялық ұйымдардың 30-дан астам өкілдері қатысты.

Қазақстан елшісі Марғұлан Баймұхан елдер арасындағы сауда-инвестициялық қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, ҚР Үкіметінің шетелдік инвесторларды қолдаудағы белсенді күш-жігерін ерекше атап өтті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған экономикалық реформаларға ерекше назар аударылады.

Сондай-ақ іс-шараға қатысушылар Астана халықаралық қаржы орталығының артықшылықтары, шетелдік инвесторларға арналған преференциялар, сондай-ақ «Kazakh Invest» АҚ-ның шетелдік инвесторларды қолдау жөніндегі қызметі туралы хабардар болды. Сонымен қатар люксембургтік кәсіпкерлерге еліміздің көлік-логистикалық әлеуеті, оның ішінде Қазақстан аумағы арқылы өтетін 13 халықаралық көлік дәлізінің қызметі таныстырылды.

Люксембургтің Қазақстандағы елшісі Том Райзен Қазақстан Люксембург компаниялары үшін үлкен мүмкіндіктер беретін Орталық Азияның көліктік-логистикалық және қаржылық хабы екенін атап өтті.

Өз кезегінде Люксембург Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілі Сабрина Аксиль Люксембург компанияларының қазақстандық бизнес субъектілерімен, атап айтқанда IT және қаржылық қызмет көрсету салаларымен ынтымақтастықты жандандыруға жоғары қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

Сонымен бірге іс-шараға BeneLux Сауда-өнеркәсіп палатасының, сондай-ақ «MOST Ventures» өкілдері қатысып, Қазақстанның экспорттық әлеуетін және қазақстандық IT-компаниялармен ынтымақтастық мүмкіндіктерін таныстырды.

Өзгелердің жаңалығы