Ұлытауда Жошы хан тарихи-мәдени кешенінің құрылысы басталды

17 Мамыр 2020, 13:41
1764
Бөлісу:
Ұлытауда Жошы хан тарихи-мәдени кешенінің құрылысы басталды

Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Ұлытау ауданының әкімі Берік Әдбіғали Facebook-гі парақшасына жазды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасы орындалуда. Үкімет пен демеушілердің қолдауымен Жошы хан тарихи-мәдени кешенінің құрылысы басталып кетті. Кешенде Жошының ұрпақтарына, Ұлық Ұлыс, Алтынорда, Қазақ хандығына арналған экспозициялық зал және шағын асхана мен қонақ үй жоспарланған. Сонымен қатар, Алаша хан, Жошы хан мазарларына реставрация жұмыстары басталып, апаратын арнайы жол құрылысы жүргізіледі. Құдай қаласа, күзде Кешеннің есігі ашылуы күтілуде, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы