Ұлыбритания парламенті Brexit-ке қатысты ұсынысты кері қайтарды

24 Қазан 2019, 03:41
1976
Бөлісу:
Ұлыбритания парламенті Brexit-ке қатысты ұсынысты кері қайтарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания парламенті Борис Джонсонның Brexit уақытына қатысты ұсынысын кері қайтарды, деп хабарлайды 24.kz. 

Еске салсақ, бұған дейін британ премьер-министрі Еуроодақтан қазан айының соңына дейін шығатынын мәлімдеген еді.

Аталған іс бойынша қауымдар палатасы екінші оқылымда одақтан шығу туралы жобаны мақұлдаған да болатын. Алайда кейінірек парламент мүшелері Brexit процесін жылдамдатуға бағытталған тағы бір маңызды құжатты кері қайтарды. Осыған байланысты Британияның Еуропа одағынан іргесін ажыратуы Джонсон бекіткен мерзімде жүзеге аспай қалуы мүмкін.



Өзгелердің жаңалығы