Ұлыбритания ғалымдар үшін визалық режимді жеңілдетеді

9 Тамыз 2019, 09:30
2898
Бөлісу:
Ұлыбритания ғалымдар үшін визалық режимді жеңілдетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл шешім Ұлыбританияға әлемнің үздік мамандарын тарту үшін жасалып отыр, деп хабарлады korrespondent.net.

Ұлыбритания жыл соңында ғылыми қызметкерлер үшін жеңілдетілген визалық режимді іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы премьер-министр Борис Джонсон мәлімдеді.
 
"Біз білім саласын алға жылжытуды жалғастыру үшін иммиграциялық жүйені жеңілдетіп, әлемнің ең үздік ақылды ғалымдарын тартуға күш салуға тиіспіз", – деді саясаткер.
 
Джонсонның айтуынша, жаңашылдық нәтижесінде елге әлемнің түкпір-түкпірінен зерттеушілер мен ғылыми мамандар келіп, Ұлыбритания өзінің "ғылыми держава" мәртебесін күшейтеді.
Өзгелердің жаңалығы