Астана, baq.kz. Парижде орналасқан Лувр музейі 2018 жылы келушілердің саны бойынша рекорд орнатты. Бұл туралы France 24 телеарнасы хабарлайды.
Өткен жылы аталған музейге 10 млн-нан астам қонақ келген.
Музей директоры Жан-Люк Мартинестің айтуынша, мұндай оқиға музей тарихында алғаш рет болып отыр.
Луврда дүниежүзінде аса қомақты саналатын шығыс елдері жәдігерлері жинақталған. Сондай-ақ француздың таңдаулы өнер қайраткерлерінің туындылары қойылған. Картиналар галереясы бай.