Лукашенко өз еркімен кетуі керек – Франция Президенті

27 Қыркүйек 2020, 17:14
1648
Бөлісу:
Лукашенко өз еркімен кетуі керек – Франция Президенті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Франция Президенті Эмманюэль Макрон Александр Лукашенко биліктен өз еркімен кетуі керек деген пікірде. 

Бұл туралы eadaily.com жазды.

Сондай-ақ Франция елінің Президенті қарсылық шараларына қатысып жатқан белорусстықтардың қайсарлығына тәнті болды. 

Бұл - демократия мен еркіндікті қабылдай алмайтын, тек күш көрсете алатын авторитарлық биліктің дағдарысы. Лукашенконың өз еркімен кету керектігі айдан анық, - деді ол Le Journal du Dimanche журналына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Лукашенко Беларусь Президенті қызметіне қатарынан алтыншы рет кірісті. Беларусь Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, тамыз айындағы сайлауда оны сайлаушылардың 80%-дан астамы қолдады. Дауыс беру нәтижелерін беларуссиялық оппозиция мойындамады, олар жеңімпаз Светлана Тихановская болды деп санайды.

Ел азаматтарының жаппай қарсылық көрсетіп жатқанына қарамастан Лукашенконың жасырын түрде Беларусь Президенті қызметіне кіріскені белгілі болды.

24 қыркүйекте Еуроодақтың Беларусь мәселесін қайта қарайтыны анықталды.

Өзгелердің жаңалығы