Лукашенко Беларусь Үкіметін отставкаға жіберді

4 Маусым 2020, 06:29
1494
Бөлісу:
Лукашенко Беларусь Үкіметін отставкаға жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларусь Президенті Александр Лукашенко іс басындағы Үкімет құрамын отставкаға жіберуге шешім қабылдады. Бұл туралы "Беларусь 1" телеарнасының эфирінде айтылды, деп жазады belta.

Ақпаратты Президенттің баспасөз қызметі де растап, А.Лукашенконың тиісті Қаулысы ресми жарияланғаннан кейін күшіне енетінін мәлім еткен. 

Беларусь Үкіметінің жаңа құрамын жасақтау мәселесі 3 маусым күні таңертең Александр Лукашенконың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланған. Оған Республика Кеңесінің төрағасы Наталья Кочанова, Өкілдер палатасының төрағасы Владимир Андрейченко, Президент Әкімшілігінің басшысы Игорь Сергеенко және Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Андрей Равков қатысты.

Өзгелердің жаңалығы