Луизиана штатының миллионға жуық халқы электр жарығынсыз қалды

30 Тамыз 2021, 11:03
3171
Бөлісу:
Луизиана штатының миллионға жуық халқы электр жарығынсыз қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың оңтүстігінде орналасқан Луизиана штатының миллионға жуық халқы электр жарығынсыз қалды. 

Бұл өңірге «Ида» дауылының жайпап өтуі салдарынан болған, деп хабарлады poweroutage.us порталы.

Соңғы мәліметтер бойынша 980 434 тұтынушының электрмен жабдықталуы істен шыққан. Сонымен қатар ірі қалалардың бірі - Жаңа Орлеан штаты толығымен электр қуатынсыз қалғаны анықталды.

АҚШ-тың дауылдарды бақылау ғылыми орталығы (NHC) хабарлағандай, табиғи апат демалыс күні Порт-Фуршон қаласы жағалауынан басталған. Желдің жылдамдығы сағатына 240 шақырымға жеткен.

Ел басшысы Джо Байден америкалықтарға үндеу жолдап, бұл дауылдың салдары туралы айтты.

Америкалық көшбасшы табиғи апат салдарын жою үшін мемлекеттің барлық ресурстарын қолдануды уәде етті. 

Ел үкіметі зардап шеккендерге 2,5 млн порция тамақ, үш млн литр су, электргенераторларын дайындады. Сондай-ақ ол 100 жедел жәрдем бригадасы, әрқайсысы 70 адамнан тұратын 13 құтқарушылар командасы көмек көрсететінін атап өтті.



Өзгелердің жаңалығы