Ұлттық банк валюта нарығындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді

10 Наурыз 2020, 15:17
1262
Бөлісу:
Ұлттық банк валюта нарығындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық банк ішкі ақша және валюта сегменттеріне үздіксіз мониторинг жүргізеді және қажеттілігіне қарай қаржылық тұрақтылықтың қосымша шараларын қабылдайды, деп жазылған Ұлттық банктің Facebook-тегі ресми парақшасында.

Ірі қор және валюта нарығында жағдайдың тұрақсыздығы байқалады. СOVID-19 короновирусының тарауы және Опек және ОПЕК+ отырысына қатысушылардың мұнай өндіруді қысқарту бойынша мәміленің талаптары туралы уағдаластыққа келе алмауы нәтижесінде әлемдік экономиканы баяулату қатері туды. Мұнай бағасы алтыншы наурыздан бері елу доллардан отыз бес долларға дейін, яғни 30% дейін төмендеді. 

Дамушы нарықтағы валюталар, яғни Қазақстанның сауда серіктестері де әлсіреуде. Сыртқы жағдайға сәйкес Ұлттық банк 2020 жылдың 10 наурызынан бастап валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін валюталық интервенция жүргізеді. Алғаш рет Қазақстандық қор биржасында франкфурттык аукцион тәсілі қолданылды. Аталмыш инструментті Ұлттық банк биржамен бірлесе отырып жүзеге асырған. Қажет болса валюталық интервенция қайта жандандырылады.

Ұлттық Банк ішкі ақша және валюта сегменттеріне үздіксіз мониторинг жүргізеді және қажеттілігіне қарай қаржылық тұрақтылықтың қосымша шараларын қабылдайды. Транспаренттік саясатына сәйкес, Ұлттық банктің барлық валюталық операциялары ашық өткізілетін болады, - деп жазылған Ұлттық банктің ресми парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы