LRT жолақысы 200 теңге болады: Кімдер тегін жүреді?

Төлем жүйесі автобус желісінен бөлек, автономды режимде жұмыс істейді.

Бүгiн 2026, 13:33
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 13:33
Бүгiн 2026, 13:33
149
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

CTS компаниясы елордалық БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турын өткізді. Іс-шара барысында компания басшысы Асылбек Дүйсебаев LRT жүйесіндегі жолақы төлеу тәртібі туралы айтты.

Оның сөзінше, LRT желісіндегі жол жүру құны 200 теңге болады. Жолаушылар жолақыны банк карталары, Apple Pay, Samsung Pay, QR, Face Pay және көлік картасы арқылы төлей алады. 

Билеттерді кассалардан, арнайы автоматтардан және қолма-қол ақшаға сатып алу мүмкіндігі қарастырылған, - деді ол.

Сондай-ақ жеңілдік санатындағы жолаушылар LRT қызметін қалалық автобустардағыдай тегін пайдалана алады.

Асылбек Дүйсебаевтың айтуынша, іске қосу кезеңінде жолақы төлеу жүйесі автобус желісінен бөлек, автономды режимде жұмыс істейді. Бұл жүйенің тұрақты іске қосылуын қамтамасыз етіп, барлық процесті нақты пайдалану жағдайында тексеру үшін қажет.

Компания басшысы барлық жүйе толық тұрақтандырылғаннан кейін LRT-дегі төлем жүйесі қалалық автобустардың төлем жүйесімен біріктірілетінін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін LRT нақты қашан іске қосылатыны белгілі болған еді. 

Тағы оқи отырыңыздар: Астанада жеңілдігі бар LRT картасын үйден шықпай қалай рәсімдеуге болады? 

Астанадағы LRT желісіне бағдаршамдар орнатылды

Наверх