LRT құрылысына Ұлттық қордан 50,4 млрд теңге бөлінді ме? - Министр жауап берді

Бөлісу:
LRT құрылысына Ұлттық қордан 50,4 млрд теңге бөлінді ме? - Министр жауап берді
Фото: BAQ.KZ архив

Астанадағы LRT құрылысына Ұлттық қордан 50,4 млрд теңге бөлінгені рас па? Бұл сұрақ Үкіметтің баспасөз брифингінде көлік министрі Марат Қарабаевқа қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін Ұлттық экономика вице-министрі LRT құрылысына қажетті қаражаттың бір бөлігі Ұлттық қордан алынғанын мәлімдеген еді. Осыған орай, журналистер: “Неге бірден қор қаражатына жүгіндіңіздер? Неліктен инвестор тарту қарастырылмады?” деп сұрады.

Министр не дейді?

Министр Марат Қарабаевтың айтуынша, биыл жобаны аяқтауға қосымша қаржы бөлінген. Алайда оның нақты қай көзден алынғаны және қандай инвесторлардың қатысатыны туралы шешімдерді жергілікті билік қабылдаған.

Бұл мәселемен толықтай Астана қаласының әкімдігі айналысты. Сондықтан қаржы көздеріне қатысты нақты ақпарат бере алмаймын. Жалпы, құрылыс жұмыстары мен оның іске қосылуы әкімдіктің құзырында, – деді министр.

Дегенмен, ол Ұлттық экономика министрлігінің Ұлттық қордан қаржы тартылғаны туралы мәліметін растады.

Иә, қаржының белгілі бір бөлігі Ұлттық қордан бөлінді. Өйткені бұл қаражатты бөлу біздің министрлік арқылы жүзеге асырылды, – деп түсіндірді Марат Қарабаев.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда электромобильдер мен пилотсыз көліктер нарығы қалай дамитыны туралы жаздық.

Өзгелердің жаңалығы