LRT. Қаржы тұрақты бөлінсе, екі жыл ішінде аяқталады - Көлгінов

26 Қараша 2022, 12:48
1064
Бөлісу:
LRT. Қаржы тұрақты бөлінсе, екі жыл ішінде аяқталады - Көлгінов
Фото: автордан

Астана әкімі Алтай Көлгінов LRT жобасы екі жылдың ішінде аяқталуы мүмкін екенін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

LRT жұмысы басталып кетті. Биыл күзде бірінші трашы 20 млрд теңге бөлінді. Қаржының екінші таршы 30 млрд желтоқсан айында бөлінбек. Көріп отырғандарыңыздай, жұмыс басталып кеткен. Инженерлік желілер мен бетон тіректері құрылысы жұмыстары жүріп жатыр. Қаржы - республикалық бюджеттен бөлінуде. Қазіргі таңда 1 млн долларға жуық қаржы жұмсалды, - деді Алтай Көлгінов.

Көлгіновтің сөзінше, ЛРТ жобасының бүкіл қаржысы қытай-қазақ компаниялары арасындағы келісімшартқа сәйкес жұмыс істеп жатыр.

Алдағы жылдары қала халқы көбейіп, 2 млн адамға жетеді. Сол кезде қоғамдық көлікк қажеттілік екі есе артпақ. Бұл кезеңде қоғамдық көліктер мен  бірге ЛРТ жобасы кептелістің алдын алады. Біздің әріптестерміз қытайлық консорциумның айтуынша, үздіксіз қаржыландырып отырса, екі жылдың ішінде аяқтаймыз деп отыр. Біз бұл дәлізді тезірек бітіріп, аяқтауды көздеп отырмыз, - деді Алтай Көлгінов. 

Өзгелердің жаңалығы