LRT пойызы операторларын оқытуға алдын ала қабылдау басталады

4 Қараша 2024, 15:28
463
Бөлісу:
LRT пойызы операторларын оқытуға алдын ала қабылдау басталады
Фото: @KZgovernment

Жеңіл рельсті көлік желісінде жұмыс істейтін пойыз операторларын (машинист) оқытуға алдын ала қабылдау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

LRT құрамдары толығымен автоматтандырылған және пилотсыз болады.

LRT пойыз операторларының негізгі міндеттері:

- жолаушылардың қауіпсіздігін және пойыздың техникалық жағдайын, барлық қауіпсіздік нормаларының сақталуын қадағалау;

- автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысын үздіксіз бақылау, ақауларды анықтау және жою;

- вагондардың электрлі жылытуды/желдетуді сақтау, жолаушыларды отырғызып/түсіру тәртібін реттеу, жылжымалы құрамның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша басқа да жұмыстарды атқару.

Біз ұсынамыз:

- Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналасу;

- жұмыс берушінің есебінен біліктілікті арттыру/оқыту. Оқыту нәтижесі бойынша LRT басқаруға арналған халықаралық үлгідегі сертификат беріледі. 
Оқу мерзімі 1 жылға дейін. Оқыту Астана қ./ҚХР жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі. Қызметкерлер ел азаматтары болады.

Мақсат – мамандандырылған компанияны жұмысқа тартпай, LRT жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу дағдыларын үйрету (ағымдағы және күрделі жөндеу).

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

- темір жол көлігі саласындағы жоғары білім;

- жұмыс тәжірибесі локомотив машинисі лауазымында кемінде 3 жыл/локомотив машинисі көмікшісі ретінде кемінде 5 жыл.

Жұмыс ауысымдық кесте бойынша жүзеге асырылады.

Түйіндеме CTS ресми сайты арқылы қабылданады: https://cts.gov.kz/ru.

Сұрақтар бойынша телефон нөмірі: Астана қ. +7 (7172) 577 177 (ішкі 102)

Өзгелердің жаңалығы