ЛРТ-ның жыры. Тағы да 50 млрд теңге бөлінуі мүмкін – министр

Үкімет отырысынан соң Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев ЛРТ құрылысына 50 млрд теңге қаржы бөлінгенін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

 автордан  28 Ақпан 2023 2023, 11:37
28 Ақпан 2023 2023, 11:37
1240

Үкімет отырысынан соң Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев ЛРТ құрылысына 50 млрд теңге қаржы бөлінгенін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі. 

Биыл ЛРТ құрылысына 50 млрд теңге қосымша қаржы қарастырылды. Бүгін республикалық комисси отырысы өтті. Сонда тиісті қаражаты қарастырдық. Республикалық бюджетті Парламентте қаралып, қол қойылуы керек одан соң сәуір айында әкімдікке береміз деп жоспарлап отырмыз, – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Министрдің айтуынша, ЛРТ жобасына қатысты әкімдік екі мәселені айтып отыр.

Біріншіден, жұмыс Астананың аэропорт жағынан басталады. Екіншіден, әкімдік пойыз техникасын сатып алуды қаржыландырмақ, – деді Марат Қарабаев.

Наверх