«Лоренцо» дауылы Ирландия мен Ұлыбританияға бет алды

3 Қазан 2019, 01:57
1868
Бөлісу:
«Лоренцо» дауылы Ирландия мен Ұлыбританияға бет алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атлант мұхитында пайда болған «Лоренцо» дауылы Азор аралдарында ойран салды, деп хабарлады 24.kz.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қазір өңірде қатты желдің салдарынан толқын көтеріліп, жауын жауып тұр. Мамандар дауыл Саффир-Симпсон шкаласы бойынша екінші деңгейге жеткенін айтады. Желдің екпіні сағатына 145 шақырым шамасында. Салдарынан аралда ағаштар құлап, электр желілері үзілді. Қазір долы дауыл Ирландия мен Ұлыбританияға қарай бет алды.Табиғат апатынан адам шығыны жайлы ақпарат түскен жоқ.

Айта кетейік, Азор аралдарында шамамен 240 мың адам тұрады.


Өзгелердің жаңалығы