Лондондағы Олимпиада қола жүлдегеріне пәтер табысталды

8 Қараша 2022, 17:54
9189
Бөлісу:
Лондондағы Олимпиада қола жүлдегеріне пәтер табысталды

Дәулет Шабанбайға пәтер кілттерін облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов табыс етті. Оған дейін павлодарлық палуан 2012 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлері қатарына енген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дәулет Шабанбай – Азия чемпионатының төрт дүркін (2008, 2009, 2011, 2014) қола және Азия ойындарының күміс жүлдегері. Биыл қыркүйек айында допингке қарсы тексерістер және Грузия мен Өзбекстан спортшылары нәтижелері есепке алынбағанынан кейін жерлесіміз Лондонғы 2012 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Спортшы мансабын аяқтағаннан соң палуан ісін жаттықтырушы ретінде жалғастырмақ ниетте.

Басты мақсат – жастарға тәжірибем мен еңбексүйгіштік қасиеттерді жеткізе білу. Еңбек бәрін де жеңбек. Қазақстан спортының туы биікте желбірей берсін, –  деді Дәулет Шабанбай.

Өңір басшысы Олимпиада жүлдегерінің спортты дамытудағы еңбегін жоғары бағалап, Павлодардағы бір бөлмелі пәтер кілттерін табыстады.

Облыс тұрғындары сіздің жетістігіңізбен мақтанады. Өскелең ұрпақ үшін үлгісіз. Жиған тәжірибеңіз бен шеберлігіңізді жас спортшыларға дарыта білуге керек. Шын жүректен, ісіңізге сәттілік тілеймін, – деді Әбілқайыр Сқақов.

Айта кетейік, бұл жазғы Олимпиада ойындарындағы павлодарлықтардың тұңғыш жүлдесі.

Өзгелердің жаңалығы