Лондонда жүздеген адам наразылыққа шығып, ауқаттыларға салық салуға шақырды

2 Қазан 2022, 16:59
1025
Бөлісу:
Лондонда жүздеген адам наразылыққа шығып, ауқаттыларға салық салуға шақырды

Лондонда Кингс-Кросс теміржол станциясының алдына жүздеген адам жиналып, өмір сүру деңгейінің қымбаттап бара жатқанына шағымданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еuronews.com сайтының мәлімдеуінше,  тұрғындар: "Ауқаттыларға салық салыңдар, кедейлерге тиіспеңдер", "Көтерілісті қолдаңдар", "Жалақының көтерілгенін қалаймыз!" деген жазулар жазылған плакаттар алып шыққан. 

Акцияның қатысушыларын көптеген үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіподақтар қолдаған. 

 Белгілі болғандай, Британияның жаңа премьер-министр Лиз Трассқа қысым көбейіп келеді. 

 Трасс жазда бұрынғы қаржы министрі Риши Сунакты жеңіп, үкімет басына келген болатын.  

Өзгелердің жаңалығы