Лондонда Наурыз мейрамы тойланды

22 Наурыз 2022, 15:33
1471
Бөлісу:
Лондонда Наурыз мейрамы тойланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус пандемиясы басталғаннан бері алғаш рет Ұлыбритания астанасында Наурыз мейрамы офлайн форматта атап өтілді. 

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің қолдауымен Лондон Университеттік колледжінің қазақ студенттер қоғамы ұйымдастырған Наурыз мерекесінде қазақ мәдениеті мен өнерінің сан алуандығы таныстырылды. Ауғанстан, Әзербайжан, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан өкілдері, сондай-ақ ұйғыр диаспорасы Орталық Азия көктем фестиваліне қатысты. Мерекелі іс-шараға британ астанасының мыңдаған тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Мерекелік концерт аясында Қазақстан Елшілігінің өкілдері қазақ халық әндерін, сондай-ақ танымал заманауи композицияларды орындады. Ұлттық стендте зергерлік бұйымдар, ұлттық киім, тұрмыстық заттар, ұлттық тағамдар, сондай-ақ Қазақстанның тарихы, мәдениеті және қазіргі заманы туралы кітаптар мен брошюралар ұсынылды.

Өзгелердің жаңалығы