Лондонда менингит өршіді: екі адам қайтыс болды

Менингиттен қайтыс болғандар – Кентербери қаласындағы студент пен мектеп бітіруші.

 pexels.com 18 Наурыз 2026, 02:38
18 Наурыз 2026, 02:38
593
Фото: pexels.com

Англияның Кент графтығында менингиттің өршуі салдарынан екі адам көз жұмып, 11 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.

UKHSA мәліметінше, анықталған вирус В тобына жататын MenB. Қайтыс болғандар – Кентербери қаласындағы студент пен мектеп бітіруші.

Барлық науқастар 18–21 жас аралығындағы жастар. Алдын ала болжам бойынша, инфекция ошағы студенттер жиі баратын Chemistry түнгі клубы болуы мүмкін.

Қазір науқастармен байланыста болған адамдар бақылауға алынған.

Наверх