Лондонда Діни сенім бостандығы жөніндегі IV Министрлік конференциясы өтті

5 Шілде 2022, 19:34
1023
Бөлісу:
Лондонда Діни сенім бостандығы жөніндегі IV Министрлік конференциясы өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін  Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Ұлыбритания Үкіметі Лондонда өткізген Діни сенім бостандығын ілгерілету жөніндегі IV Министрлік конференциясына қатысты.

Бұл туралы АҚДМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

А.Омаров өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды саяси реформа жариялағанын, Конституцияға түзетулер енгізуге және референдум өткізуге бастама көтергенін айтып өтті.

Лондонда Діни сенім бостандығы жөніндегі IV Министрлік конференциясы өтті

Діни бостандықтарды қорғау және насихаттау, оның ішінде озық әлемдік тәжірибе мен қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескеру Қазақстанның демократиялық дамуы жолында маңызды орын алады. Азаматтық қоғамның рөлі артып, жастарды, әйелдерді, діни бірлестіктерді қолдаудың жаңа тетіктері қалыптасуда. Адам құқықтарын қорғау басты орынға қойылады, – деп атап өтті министр.

Атап өту керек, Дін бостандығын ілгерілету жөніндегі Министрлік конференциясы 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол дін саласында жұмыс істейтін азаматтық қоғам институттары мен ұйымдардың діни сенім бостандығын қамтамасыз етудегі мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Іс-шараға әлемнің 60 елінен 500-ден астам делегат, оның ішінде министрлер, үкімет өкілдері, діни көшбасшылар және азаматтық белсенділер қатысты.

Өзгелердің жаңалығы