Логика қайда? Не істеу керек? – депутат нан бағасына алаңдады

7 Қазан 2021, 19:47
36981
Бөлісу:
Логика қайда? Не істеу керек? – депутат нан бағасына алаңдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреев нан бағасының өсіп жатқанына қатысты депутаттық сауал жолдады.

Бүгінгі таңда біздің сайлаушыларды толғандыратын маңызды мәселелердің бірі негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің, әсіресе нанның бағасы болып тұр. Бұл мәселе депутаттық сауалдарда бірнеше рет көтерілгенмен, әлі де өз шешімін таппай отыр. Биылғы көктем-жаз айларында сәбіз бен картоп бағасының 500-600 теңгеге дейін өсуі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Алайда, Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан ешқандай тұжырым жасалған жоқ. Соңғы уақытта негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне қатысты мәселелер көбірек көтеріліп келеді, халық бағалардың реттелмейтініне, тіпті кейде әртүрлі болатынына шағым жасауда. Мысалы, ең танымал 1-сұрыпты ұн 150-200 теңге аралығында сатылады және одан әрі өсу үрдісі бар. Ал ұн бағасы осы жазда 120-130 теңге деңгейінде болған, - деп Әміреев вице-премьер Роман Склярға депутаттық сауал жолдады.
Депутат биылғы жылы қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін құрғақшылық салдарынан түсімнің төмендігі елеулі соққы болғанын айтты.
Алдын ала болжам бойынша біз 30%-ға дейін өнімге қол жеткізе алмаймыз. Сонымен қатар уәкілетті органдардың жауапсыздығынан біз ЖЖМ-ның, әсіресе дизель отынының жоғары бағасын байқаймыз, литріне 300 теңгеге дейін жетіп, кей уақытта елдің жанармай бекеттерінде тапшы да болып қалады, мұның бәрі экономикалық диверсияға өте ұқсас, ал бұл Энергетика министрлігінің жауапкершілігі. Бүгіннің өзінде үшінші рет көтереліп отыр. Сондай-ақ, тыңайтқыштардың, ауыл шаруашылығы техникасы құнының жыл сайынғы өсуін да атап өту қажет. Барлық осы фактор жиынтығында астық бағасына әсер етті. Біреулер үшін жанар-жағармай бағасының күрт өсуі нормаға, жауапсыздық нормасына айналды, бұл үнемі, дәлірек айтқанда көктемгі егіс жұмыстары мен егін жинау кезінде болады. Бұл ауылшаруашылық мамандары үшін ең жауапты сәтте қасақана жасалатындай әсер қалдырады, - дейді депутат.

Оның айтуынша, соңғы айда астық 50%-ға, ал ұн небәрі 12-15%-ға өскен.

«Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» дейді халық. Ұн тартушылар өсудің негізді екенін түсіндіруде. Соңғы айда астық 50%-ға, ал ұн небәрі 12-15%-ға өсті. Логика қайда? Не істеу керек? Ұн тартушыларға шикізат жетіспейді. Астық өңдеушілер қауымдастығы тапшылықтың қолдан жасалатынына жол береді. Өндірушілер бағаның одан әрі өсуін күтіп, астықты өздерінде ұстап қалуы мүмкін. Қазір жұмсақ бидай тоннасы шамамен 125 мың теңге тұрады, - деді депутат. 
Депутат астықтың басым бөлігі экспортқа кетуде, мұнда оны өңдеу Қазақстан ішіндегі астыққа қарағанда арзан екенін айтты.
Мамандардың айтуынша, жағдай шиеленіскен. Астықтың басым бөлігі экспортқа кетуде, мұнда оны өңдеу Қазақстан ішіндегі астыққа қарағанда арзан. Бұл қазірдің өзінде ұн тартушыларға әсерін тигізуде – олар өз нарықтарын жоғалтады және тұтастай бір сала үлкен проблемаларға тап болуы ықтимал. Құрметті Роман Васильевич! Егер жақын арада біз халықты үстеліндегі басты өніммен – қазірдің өзінде бағасы қарқынмен өсіп жатқан нанмен, макаронмен және жарма өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін шешпесек, оның салдары биылғы көктем мен жаз мезгіліне қарағандада ауыр болуы мүмкін. Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, тауар нарықтарында бидайдың жеткілікті көлемін сатып алу бойынша интервенция жүргізу үшін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК АҚ мен тұрақтандыру қорларына Үкімет резервінен қосымша бюджет қаражатын бөлу мәселесін шешуді сұраймыз, бұл кейіннен нан, жарма және макарон өнімдері бағасының тұрақтануын қамтамасыз ететін болады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы