Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ливия генералы мінген ұшақ жоқ болды. Анкара аспанын жауып алды

Бүгiн, 06:17
210
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Анкара аспаны ливиялық генерал мінген ұшақтың жоғалып кетуіне байланысты жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Анкарадан ұшып шыққан, Ливия штаб бастығы мінген ұшақпен байланыс үзілді.

Boşuna Tıklama хабарлауынша, Анкараның әуе кеңістігі қазіргі уақытта ұшулар үшін жабық.

Анкараның Есенбоға әуежайынан Триполиге ұшып шыққан Falcon 50 ұшағымен байланыс кешкі сағат 8:52-де үзілді. Хаймани аймағына шұғыл қонуға өтініш жасалды, бірақ содан бері байланыс қалпына келтірілген жоқ. Бортта бес жолаушы бар, оның ішінде Ливия Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал Мұхаммед Әли Ахмед Әл-Хаддад бар, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы