"Ливерпуль" алғаш рет әлем чемпионы атанды

23 Желтоқсан 2019, 14:59
3746
Бөлісу:
"Ливерпуль" алғаш рет әлем чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Катарда клубтар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Әлемнің үздік жеті футбол клубы қатысқан додада "Ливерпуль" клубы жеңімпазы атанды.

Англия клубы финалда Бразилияның "Фламенго" командасынан басым түсті. Бұл ойынның тағдырын 99-минутта бразилиялық шабуылшы Роберто Фирмино жалғыз гол шешті. 

Егер 76-минутта "Ливерпуль" шабуылшысы Мохаммед Салахтың голы саналғанда овертаймда болмас еді. 

Қола жүлде Мексиканың "Монтеррей" командасына бұйырды. "Ацтектер" елінен команда үшінші орын үшін ойында Сауд Арабиясының "Әл-Хилял" клубын пенальти сериясында жеңді. Матч негізі 2:2 есебімен тең аяқталған. Бесінші орынға Хави жаттықтыратын Катардың "Әл-Садд" клубын ұтқан Тунистің "Эсперанс" ұжымы тұрақтады – 6:2. 

"Ливерпуль" клубтар арасындағы әлем чемпионатында алғаш рет үздік атанып отыр. Ағылшындар бұған дейін 2005 жылы қатысып, финалда Бразилияның "Сан-Паулу" клубына есе жіберген – 0:1. 

"Ливерпуль" шабуылшысы Мохамед Салах 2019 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының ең үздік ойыншысы болып танылды. Шабуылшы турнирде екі матч ойнап, бір нәтижелі паспен көзге түсті.

Оның алдында осы турнир құрлықаралық кубок деп аталған кезде де жолдары болмаған. Мысалы, 1981 жылы дәл осы Бразилияның "Фламенгосынан" – 0:3, 1984 жылы Аргентинаның "Индепендьенте" – 0:1 есебімен жеңілген. 

Клубтар арасындағы әлем чемпионатына Еуропа, Азия, Африка, Мұхит аймағы, Солтүстік және Орталық Америка және Оңтүстік Америка құрлығының клубтар арасындағы чемпоины мен жарыс өткізетін елдің жеңімпазы қатысады. Бұл жарыста ең көп топ жарған Испанияның "Реал" клубы  (2014, 2016, 2017 және 2018). 

"Ливерпуль" (Англия) – "Фламенго" (Бразилия) – 1:0

Гол: Роберту Фирмину, 99 (1:0).

"Ливерпуль": Алиссон, Александр-Арнолд, Гомес, ван Дейк, Робертсон, Хендерсон, Кейта (Милнер, 100), Окслейд-Чемберлен (Лаллана, 75), Мане, Салах (Шачири, 120+1), Роберту Фирмину (Ориги, 106).

"Фламенго": Диегу Алвес, Рафинья, Родригу Кайю, Мари, Виллиан (Беррио, 120), Филипе Луис, Эвертон Рибейру (Диегу, 82), Жерсон (Линколн, 102), Габриэл Барбоза, Де Арраскаэта (Витинью, 77), Бруну Энрике.

Бас төреші: Аль-Джассим (Катар). Доха. "Халифа" стадионы.

Өзгелердің жаңалығы