Ливанда Израильдің әуе шабуылдарынан қаза тапқандар саны 254 адамға жетті. Сонымен қатар, 1165 адам жарақат алды. Бұл туралы Ливанның азаматтық қорғаныс қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Al Jazeera-ға сілтеме жасап.
Шабуылдар Израиль мен Хезболла қозғалысы арасындағы қақтығыстар барысында орын алды. Ливанның оңтүстігіндегі Сайд қаласында кафеге жасалған соққыда тоғыз адам қаза тауып, 20-дан астам адам зардап шекті.
Axios порталының хабарлауынша, АҚШ пен Иран арасындағы уақытша атысты тоқтату келісіміне Ливан қатысушы емес, бірақ Иран президенті Масуд Пезешкиан Ливанға қарсы шабуылдарды тоқтату – Иран мен АҚШ соғысын тоқтату шарты екенін айтты.